Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Маусымнан бастап дәрі бағасы барлық жерде бірдей болады

Маусымнан бастап дәрі бағасы барлық жерде бірдей болады

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Ертең, 9 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық дәрі-дәрмектерге бағана реттеу құзіретін беретін ҚР Заңының нормасы күшіне енетіндігін айтқым келеді. Бүгінге «Атамекен» ҰКП және бейінді қауымдастықтармен, нарықпен келісілген көтерме әрі бөлшек үстеме бағалардың икемді регрессивті жүйесі әзірленді. Ереже бекітілу үшін Әділет министрлігінде жатыр. Ереке жарық көргеннен кейін шекті көтерме және бөлшек баға бекіту жұмыстары жүргізіліп, министрліктің бұйрығымен бекітілетін болады», - деді комитет төрайымы.
Оның айтуынша, болжаммен мамыр айында дәрі-дәрмектердің бағасы бекітіліп, ҚР Денсаулық сақтау, министрлігінің, Фармация комитетінің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
«Маусым айынан бастап дәрі-дәрмектерді бөлшек саудалайтын нысандардағы бағаның барлық жерде бірдей болатындығын көретін боламыз», - деді Л.Бұйрабекова.
08 сәуір 2019 ж. 474 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области