Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалды тұрғындар тегін медициналық қызметтер алды

Қазалды тұрғындар тегін медициналық қызметтер алды

Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты аудандық емханада "Ашық есік күні" өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шарада дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, тегін қызметтер көрсетті. Бұл күні барлығы 130-дан аса адам қаралып, 40-қа жуық тұрғын рентген және УДЗ аппараттарына түсті.
«Күн сенбі болғанына қарамастан емханаға көптеген адамдар келіп, дәрігерлерге көрінді. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық денсаулығын жақсарту, аудан халқына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Бұндай шара ауруды ерте сатысында анықтап, дер кезінде емделуге мүмкіндік береді. Барлық тексеру шаралары ақысыз», – дейді аудандық емхананың меңгерушісі Ғалымбек Баймаханов.
Бұл күні емхананың акушер-гинеколог, офтольмолог, онколог, эндокринолог, невропотолог, балалар невропотологы, оторинолорингологы тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдап, кеңестерін берді. Күні бойына емделушілер қан қысымын өлшеу, бойын, салмағын білу, кардиологқа қаралу, ЭКГ тексерістен ақысыз өтті.
Айта кетейік, дәл осындай "Ашық есік күндері" ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаторияларда да ұйымдастырылды.

09 сәуір 2019 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области