БІЗ СПИДКЕ ҚАРСЫМЫЗ
Акцияны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Охапова ашып беріп, мектеп аяжандары Г.Накипова, Г.Қауғанбаева тақырып аясында баяндамалар жасады. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Олыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов, Облыстық жастар денсаулығы орталығының Шиелі аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы С.Қалекеева ЖИТС-тің жұғу жолдары және алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп оқушылары флеш моб билеп, видео роликтер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.