Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ


Бүгін  ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы директорының орынбасары Н.Шек және ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы З.Әбенова жергiлiктi БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз-конференция барысында қазақстан республикасы ұлттық банкінің базалық пайыздық мөлшерлемесі туралы шешімі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы айтылды.

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ҚАЗАҚСТАНДА БҰРЫНҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛДЫ – 10,25%
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляцияның деңгейі қазанда жеделдеді, алайда нысаналы дәліз шеңберінде қалып, Ұлттық Банктің болжамдық мәндеріне сәйкес келуде. Сыртқы сектор тарапынан инфляциялық тәуекелдер сақталуда. Сонымен қатар, ақша-кредит шапттарының бейтараптылығын сақтау қажеттілігі бар.
Базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешім ақша-кредиттік шарттардың бейтараптылығын сақтау және нақты пайыздық мөлшерлемені 4%-дан жоғары емес деңгейде ұстап тұру орындылығын көрсетеді, бұл экономикалық өсудің ұзақ мерзімді әлеуетті қарқындарына сәйкес келеді.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 15 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17:00-де жарияланады.
Қазан айында инфляциялық процестердің жылдық көрсетуде 7,7%-ға дейін (қыркүйектің қорытындысы бойынша 7,1%) жеделдеуі байқалды, алайда жылдық инфляция 2017 жылға арналған 6-8% нысаналы дәлізге сәйкес келуін жалғастыруда. Инфляция серпіні көп дәрежеде қысқа мерзімді факторлардың әрекетіне – ұсыныстың уақытша қысқаруы нәтижесінде энергия тасымалдауыштардың (бензин, дизель отыны, көмір) және азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің, негізінен көкөністердің (бағалардың маусымдық өсуі) қымбаттауына негізделді. Бұл туралы базалық инфляцияның шамалы (0,2 б.т.) өсуі куәландырады. Энергия тасымалдауыштардың қымбаттауынан қайталама әсерді іске асыру тәуекелдері қысқа мерзімде сақталып, инфляциялық күтулердің өсуіне әкелуі мүмкін. Соған қарамастан, Ұлттық Банктің бағалауынша, жылдық инфляция 2017 жылғы нысаналы дәліздің шегінде сақталады.
Қазан айында халықтың инфляциялық күтулерінде жоғары құбылмалылық белгілері пайда болды, бұл бейімді құрауыштың жоғары үлесін көрсетеді. Мәселен, инфляциялық күтулерді бір жыл алға сандық бағалау энергия тасымалдауыштар мен азық-түлік нарығындағы бағалардың өсуінен кейін 6,9%-ға дейін өсті. Бұл ретте олар инфляция бойынша нысаналы дәліздің шегінде болуда, ол 2018 жылдың соңында төменірек 5-7% деңгейінде айқындалды.
Сыртқы тауар нарықтарындағы жағдай салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады. Сыртқы азық-түлік бағалармен қатар, сауда әріптес елдердегі экономиканың өсу қарқындары және инфляция қазақстандық экспортқа сұранысқа және инфляцияға ықпал ету тұрғысынан оңтайлы болып табылады. 2017 жылғы маусымнан бастап мұнай бағасының серпінінде өсу үрдісі байқалуда. Алайда, орта мерзімді перспективада болашақ кезеңдерге қатысты белгісіздікті арттыратын оның құбылмалылық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Экономикадағы іскерлік белсенділік қалпына келуін жалғастыруда. Елдегі жиынтық ұсынысты сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы 10 айда 5,4%-ға өсті, алайда оның өсуі экономика салалары бойынша тепе-тең емес.

ҰЛТТЫҚ БАНК ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАДЫ
Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін құқықтық тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударады. Тұтынушылар өтініштерінің талдаудың негізінде,  құқықтық аяны құруға, қарыз алушылардың қарыз алу және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарын төмендетуге бағытталған бірқатар маңызды нормалар заңнамалық деңгейде қабылданған:
- Қазақстанда Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдаған, 130 млрд. теңге бөлінген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жалғасып жатыр. Ол Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар кезеңінде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдесуге және олардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған.
Мәселен, 2017 жылғы 1 қарашада банктерге қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 214,7 млрд. теңге жалпы сомаға 29 216 өтінім берілді, оның ішінде 141 млрд. теңге сомаға 23 028 өтінім мақұлданды. Қызылорда облысы бойынша банктерге қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 1,6 млрд. теңге жалпы сомаға 424 өтінім берілді, оның ішінде 1,1 млрд. теңге сомаға 299  өтінім мақұлданды.
Қарыздарды қайта қаржыландыру бастапқы орналастырылған күннен бастап 10 жыл ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүзеге асырылады.
2026 жылға дейін қайта қаржыландырылатын қарыздардың саны шамамен 40 мың болады деп болжануда.
Азаматтар өздерінің мәселелері бойынша жазбаша өтінішпен Ұлттық Банкке, сондай-ақ Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы немесе Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильдік нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш жасайды.

БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ КЕЗЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ АЙЫБЫН ШЕКТЕУ
2016 жылғы 1 шілдеден бастап қарыз алушылардың төлем жасау тәртібін ынталандыруға және қолдау көрсетуге, сондай-ақ проблемалық борышкерге қатысты оның қаражатын мерзімі өткен берешекті өтеуге әділ бөлмеуге жол бермеуге бағытталған нормалар енгізілді.
Атап айтқанда, бір күнге тұрақсыздық айыбының шекті мөлшері 90 күнге дейін бір күнге мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%-нан аспайды, 90 күннен асқаннан кейін бір күнге мерзімі өткен төлем сомасының 0,03%-нан аспайтын мөлшерде төмендетілген. Бұл ретте тұтастай алғанда тұрақсыздық айыбы мерзімі өткен әрбір жыл үшін берілген қарыз сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
Мерзімі өткен берешекті өтеу үшін төлемді бөлудің жаңа кезектілігі міндеттемені орындауға қосымша ынталандыру болғанын атап айтсақ:
өтіп кеткен төлеу мерзімі 180 күнге дейін:
1) мерзімі өткен негізгі борыш;
2) кредит бойынша мерзімі өткен сыйақы;
3) тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңдегі негізгі борышының сомасы;
5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;
6) берешекті өндіріп алу жөніндегі шығасылар;
өтіп кеткен төлеу мерзімі 180 күннен асса, тұрақсыздық айыбы мен шығасылар соңғы кезекте өтеледі.
«Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банктік қызметті көрсетуге арналған тарифтерді екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
Ол бұл ретте   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасымен 30.05.2016жылғы №134 қаулысымен бекітілген жеке тұлғаларға берілетін қарыздар бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдердің жеке тұлғаға берілген банктік қарыз бен микрокредитке қызмет көрсетуге және беруге байланысты, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеген кезде ескерілетін комиссиялар және басқа да төлемдер тізбесімен (бұдан әрі – Комиссиялар тізбесі) шектелді.
Комиссиялар тізбесін енгізгенге дейін қарыз бойынша алынатын комиссиялар саны 40 бірлікке дейін жетуі мүмкін екендігін атап өтеміз.
 Банктер мен микроқаржы ұйымдары кредиттеген кезде комиссиялар мен төлемдер белгілеген кезде бірыңғай тәсіл қарыз алушыға банктердің осы Комиссиялар тізбесіне енгізілген комиссиялар мен төлемдерді ғана алуға кепілдік береді.
Бекітілген Комиссиялар тізбесі 01.07.2016 жылға дейін жасалған шарттарға қолданылмайды. Осыған байланысты 01.01.2016 жылға дейін жасалған банктік қарыз шарттары бойынша банктердің Тізбеде көзделмеген комиссияларды алуына жол берілмейді, алайда ол банктік қарыз шартында тиісінше көрсетілуі тиіс.

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Соңғы уақытта жеке инвестициялар нарығында қаржылық пирамидалардың белгілері бар ұйымдардың қызметі жанданды.
Ол ақша енгізу арқылы қаржылық пирамидаға кіру ерікті түрде, әдетте, құқықтық қызмет көрсетусіз және салынған қаражатты қайтару кепілдігі берілместен жүргізіледі.
Қаржылық пирамидаға ақша салудың тартымды жолдарының бірі барынша қысқа уақыт аралығында жоғары кіріс алу мүмкіндігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында халықтан ақша тартуды тек екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның негізінде Ұлттық почта операторы ғана айналыса алатынын атап өткен жөн.
Ол жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау операциялары банк операцияларына жатады және лицензиялануға міндетті. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуға тыйым салынады және аталған шарттар олар жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылады.
Тиісінше, жеке тұлғалардың депозиттерін тартуға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы жоқ, бірақ халыққа аталған ұйымға бос ақшаны орналастыруға ұсыныс жасаушы ұйымдардың қызметі алаяқтық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық болып табылады.


30 қараша 2017 ж. 837 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области