Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді мектепке келмеген оқушылардың ата-аналары айыппұл төлейтін болды

Енді мектепке келмеген оқушылардың ата-аналары айыппұл төлейтін болды

Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева үкіметте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сабақтан көп қалатын балалардың ата-анасы енді әкімшілік айыппұл төлейтінін мәлімдеді. Айыппұл мөлшері 7 575 теңгеден басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Білім туралы" заңда балалар алатын білім үшін ата-ана жауапты екені жазылған. Сондықтан егер бала белгілі бір күн бойы сабаққа қатыспаса, онда біз алдымен бұл мәселені кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссиямен тексереміз, содан кейін прокуратураның көмегімен іс сотқа жіберіледі", - деді Эльмира Суханбердиева.
Содан кейін іс әкімшілік сотта қаралады екен. Заңда ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған.
"Оның мөлшері 3 АЕК-тен басталады. Осы орайда бізде кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын комиссия бар. Мұндай балалардың саны әрдайым біздің бақылауда. Бірақ олар үшін ата-аналар жауап береді, тіпті ата-ана құқынан айырылулары да мүмкін", - деп сөзін қорытындылады вице-министр.
15 сәуір 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области