Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы
Сәуірдің 22-сі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бірқатар аймақтарында мол көлемде жауын жауады, елдің тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысында күндіз күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, түнде және таң ата Қостанай облыстарында тұман түсіп, Қарағанды облысында көктайғақ болады.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, таң ата және түнде тұман түседі.