Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Арамызға түсті»: Әлімбекова басына іс түскенде сүйіктісі тастап кеткенін айтты (ВИДЕО)

«Арамызға түсті»: Әлімбекова басына іс түскенде сүйіктісі тастап кеткенін айтты (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» бағдарламасында қонақ болып, сұхбат берген әнші, сазгер Гаухар Әлімбекова сүйген азаматына қатысты шындықты жасырмай айтты. Басына түскен соңғы оқиға кезінде қолдаушылары арасында болып, демеу көрсетпеген азаматы мен Гаухардың арасына түскендер оларды ақыры ажыратып тынған секілді.
«Мұңымды тыңдайтын адам бар еді. Бірақ басыма түскен соңғы оқиға кезінде қасымда болмады. Мен оны ешқашан ренжіткен емеспін. Қолымнан келгенше жақсы көрдім. Бар махаббатымды арнадым. Ол да мені жақсы көрді, әлі де жақсы көреді деп ойлаймын. Ешқашан ұрысқан жоқпыз, ренжіскен емеспіз. Белгісіз жағдайлармен екеумізді біреулер ажыратып жіберді», – дейді әнші.
Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.
11 сәуір күні әнші сотта ақталып шықты.

22 сәуір 2019 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области