Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азамат Сатыбалды мен әйелі неге екі бөлек қалада тұрып жатыр

Азамат Сатыбалды мен әйелі неге екі бөлек қалада тұрып жатыр

Kyzylorda-News.kz. Танымал театр және кино актері Азамат Сатыбалды әйелі Назгүл Қарабалинамен неліктен әртүрлі қалада тұрып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Адамда сенім болуы керек. Мен отбасымды, әсіресе, жолдасымды көп жарнамалауға тырысамын. Назгүл мен үшін талантты актриса емес, мен үшін жар. Өйткені, әйел адам отбасының ұйытқысы болуы керек. Ол отбасына қарауы керек. Мен Назгүлді театрдан алшақтатқаннан кейін өзінің сүйікті жұмысымен айналыссын деп шештім. Қазір Алматыда бірге тұрамыз. Кейде жұмыс бабымен Астанаға кетіп қалады. Мен де, Сұлтан да ол жаққа барып тұрады», - дейді актер.
Әрі қарай ол сүйіктісіне толықтай сенім артатынын, осы күнге дейін көптеген қиындықты бастан өткергеніне тоқталды.
«Басында екеуіміз жатақханада, жертөледе бірге тұрдық, театрда бірге қонып жүрдік. Назгүл екеуіміздің қалай арпалысып, жанталасып, аяғымыздан нық тұрғанымызды әріптестеріміздің барлығы біледі. Сол қиын кезеңнен бірге шығып, бір-бірімізге сенген кезде, өзіміздің қолымыз аузымызға жетіп, жағдайымызды жасап, отбасымызды дұрыстаған кезде қалай сенім кетіп қалады? Ол қайта он есе күшеймей ме? Қиын сәтте қасымнан табылған адамға сенбей, оны қалай Астанаға жібермей қоямын? Отбасы болған соң, ерлі-зайыптыда бір-біріне деген сенім болуы керек деп ойлаймын», - деп қорытты ол.
27 сәуір 2019 ж. 997 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области