Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

Kyzylorda-News.kz. Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәденит және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды.
Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», делінген хабарламада.
Бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған.
«Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды», делінген хабарламада.
29 сәуір 2019 ж. 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области