Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас мүфти қандай жағдайда оразаның сауабы болмайтынын айтты

Бас мүфти қандай жағдайда оразаның сауабы болмайтынын айтты

Бас мүфти оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте Бас мүфти оразаның шарттары туралы айтты.
"Денсаулыққа пайдалы екен. Бір ай ораза ұстасам, ішім тазарып, жақсы болып қалады" деген оймен ораза ұстауға болмайды. Ондай адамға сауап жоқ. Бәлкім адамның ағзасына белгілі бір деңгейде оразаның пайдасы тиетін шығар. Бірақ ол Аллаға құлшылық жасап жатқан жоқ.
Онда адам тек жеке басының мәселесін ойлап тұр", - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.
Серікбай қажы Ораздың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мұсылман Алланың ризашылығы үшін ауыз бекітуі керек.
"Рамазан айында мұсылман таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық еткенде ғана адамның азғасына оразаның пайдасы тиеді. Адам рухани байиды", - дейді Бас мүфти.
Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл Рамазан 30 күнге созылатынын, осы уақыт аралығында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
30 сәуір 2019 ж. 599 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области