Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төреғали дүркіретіп той жасап, өзі шығарған шай мен әтірді жарнамалады

Төреғали дүркіретіп той жасап, өзі шығарған шай мен әтірді жарнамалады

Kyzylorda-news.kz. Төреғали Төрәлі ұлы мен қызына дүбірлі той жасап, ерлерге арналған Toresh атты әтірін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші қызы Фатиманың тұсаукесер және ұлы Төренұрдың шілдеханасына арналған салтанантты кеште «Toresh» әтірін халыққа ұсынып, тойбастарға арнайы «Toresh» атты шай таратты. Бірнеше қуанышты біріктіріп, дүбірлетіп той жасаған әншіні өнер майталмандары жарыса құттықтады.
«Жарық дүниеге шыр етіп келген сәбиімізге анасының көркін берсін, әкесінің бөркін берсін, әжесінің ақыл-ойын берсін, атасының абыройын берсін! Өссін-өнсін, жамандық көрмесін, өскен соң ерлесін! Қуаныш құтты болсын! Бәрімізге жұғысты болсын!» - десті жұрты.
Фатима қыздың тұсауын Майра Ілиясова кесіп, өмірі мәнді болсын деп тілек айтты. Ал кішкентай ұлы Төренұрдың атын Бас мүфти Хазірет Серікбай қажы Сатыбалдыұлы азан шақырып қойған екен.
02 мамыр 2019 ж. 888 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области