Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» «Қайраттан» басым түсті

«Қайсар» «Қайраттан» басым түсті

Kyzylorda-news.kz. Премьер-лиганың 8-турында «қайсарлықтар» қарсыластарын қапы қалдырумен келеді. «Шахтермен» болған ойындағы жеңісін «Қайратпен» кездесуде де қайталады. Өз алаңында олар қонақтардан 2-1 есебімен басым түсті, деп хабарлады «Сыр бойы».
Кездесудің алғашқы 20 минутында «Қайраттың» ойыншылары белсенділік танытты. Георгий Жуковтан пас алған Мартон Эппель допты «Қайсардың» қақпасына сүңгітті. Ойынның бірінші бөлігінде қонақтар басымдық танытқанмен екінші бөлігінде ойынға қосылған Марат Хайруллин жергілікті команда ойынына өзгеріс әкелді. 52-минутта Александр Морочкин есепті теңестірді. Көп ұзамай Асхат Тағыберген де қарсылас қақпасына гол салып, есепті еселеді.
«Қайсар» 5 мамырда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеспек.
02 мамыр 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области