Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Ғалымжан Орынов тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалымжан Қалдыкөзұлы, 1975 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 1996 жылы Қазақ тұтыну кооперация институтын, 2010 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірді, біліктілігі – экономист, заңгер, экономика ғылымдарының магистрі.
Салық жүйесінде 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, 1996 жылдан 2006 жылға дейін - Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары; 2006 жылдан 2007 жылға дейін - Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан 2011 жылға дейін- Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 2011 жылдан 2018 жылға дейін-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2018 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру жұмыстары департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2019 жылғы 8 мамырдан бастап Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
08 мамыр 2019 ж. 1 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области