Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысындағы штабында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысындағы штабында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысындағы штабында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Кандидаттың кабылдау бөлмесінің ашылуына облыстық штаб басшысы, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова бастаған бір топ қоғам қайраткерлері мен партия ардегерлері,кандидаттың сенімді өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Алғашқы сөзді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жетекшілік етуші, партия ардегері Мақсұт Баеекеев ашып, кандидаттың «Қоғамдық қабылдау бөлмесі барша жұрт үшін ашық. Одан әркім өзін толғандырған мәселелерге, ұсыныстарға, талап-тілектерін айтып, толымды жауап алуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Президенттікке үміткеріміздіңқоағмның барлық саласын қамтитын сайлауалды бағдарламасының маңызды тұстарын келген тұрғындарға таныстырып өтті.
Онан әрі кандидаттың сенімді өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов сөз алып, еліміз бен әлемде ең беделді мемлекет қайраткері атанған Елбасымыздың көрегенді саясатын жалғастыруға Қасым-Жомарт Кемелұлының әбден лайықты азамат екендігін айтып, 9 мауысым күні өтетін сайлау науқанына бәріміз ынта жігерімізді салып, үміткеріміздің әділ жеңіске жетуіне жұмыс жасау керек деді.
Жалпы ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысы бойынша 10 қоғамдық штабы және оларда арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жасайды.
Қоғамдық қабылдаулардың басты міндеті – келген тұрғындарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат науқаны кезінде заңдылықтардың сақталуын қадағалау.

13 мамыр 2019 ж. 581 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области