Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 2019 жылдың 14-16 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстанда жылы жаздық ауа райынан кейін суытады. Бұл Солтүстік Оралдан жылжыйтын суық арктикалық фронттармен байланысты болады. Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін", - делінген хабарламада.
Ал Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр болуы және ауа температурасының аздаған төмендеуі мүмкін.