Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Нұрбол-И» зауыты тәулігіне 20-25 тонна күрішті ақтауға қауқарлы

«Нұрбол-И» зауыты тәулігіне 20-25 тонна күрішті ақтауға қауқарлы

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Жаңақорған ауданында аграрлы саланы дамытуда тың серпіліс бар. Қожакенттік Изатулла Үсенов төрағалық ететін «Нұрбол-И» шаруашылығы күріш ақтайтын диірменді іске қосты. Қытай елінде құрастырылған шағын зауыт тәулігіне 20-25 тонна ақ күрішті ақтауға қауқарлы.

«Елбасы жыл сайынғы Жолдауында аграрлы саладағы экспорттық әлеуетті арттыру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма жүктеуде. Жалпы, нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Бәсекеге қабілетті өнім шығара алсаң ғана, оны экспорттауға даңғыл жол ашылады. Бұл бағытта біздің күріш ақтау зауыты стандартқа сай. Оған қоса, жаңа элеватор орнаттық. Қазақстан қалаларынан бөлек, көршілес елдерге өнімді саудалауды бастадық. Әзірге Өзбекстан, Ауғанстан еліне ақталған күріш экспорттадық», – дейді Изатулла Үсенов.
Механик, қырман меңгерушісі сынды қызметте шыңдалған Изатулла ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, көзін тауып қапысыз қимылдағанның қыр асатынын ісімен дәлелдеді. 2012 жылы «Нұрбол-И» шаруа қожалығын құрып, егін және мал шаруашылығын қатар дамытуға білек сыбана кірісті. Бүгінде 200 гектар суармалы жері мен 500 гектар мал жайылымдық жерінен несібесін теруде.
16 мамыр 2019 ж. 564 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области