Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс бойынша 1597 сенімді өкіл тіркелді

Облыс бойынша 1597 сенімді өкіл тіркелді

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшелері ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдері партия мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттардың Үгіт жұмыстарының өткізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Облыс бойынша 1 облыстық, 8 аумақтық сайлау комиссиялары және 366 учаскелік сайлау комисиялары жұмыс атқарады. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары электораттық оқытудан өткізілуде. Барлығы 29 топтан құралған 793 сайлау комиссияларының мүшелері оқытылып жатыр.
«Облыс бойынша бүгінгі күні билбордтар мен плакаттар үшін 238 орын және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру үшін 170 үй жай белгіленген, кандидаттарға үгіт жүргізу үшін толық жағдай жасалған», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.
ҚР Президентігіне кандидаттардың облыс бойынша 1597 сенімді өкілдері тіркеліп, куәліктері табысталды. ҚР Президентікке кандидаттарды қолдауға байланысты облыс аумағында 7 қоғамдық штабтар құрылған. Штаб өкілдері сайлау комиссияларымен өзара кедергісіз байланысады және кеңес алады.
Сонымен қатар, кездесу барысында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева үгіт жұмыстарының тәртібі және жалпы шарттары туралы баяндады.
Мысалы, сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына тыйым салынады.
«Сайлау алдындағы үгітті жүргізудің жалпы шарттары орнатылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен.
Барлық үгіттік баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жері мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендігі туралы мәліметтер болуға тиіс.
Сайлаушылармен кездесудің және басқа да сайлау алдындағы іс-шаралардың кестесі облыстық сайлау комиссиясымен мақұлданғаннан кейін жергілікті және облыстық басылымдарда жарияланады»,- деді Аягөз Сырлыбаева.

16 мамыр 2019 ж. 437 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области