Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін

7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін

Kyzylorda-news.kz. 7 жылдың ішінде кейбір салалардағы кадр саны 30 пайызға қысқаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференцияда «Disco Consulting Group» серіктесі Дәулет Арғандықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, пессимистік болжамдарға сәйкес алдағы 7 жылдың ішінде кейбір саладағы кадрлардың саны 30 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.
«Негізінен жұмыс регламенттеледі және жұмыстың барынша қарапайым алгоритмі қолданылады. Содан кейін енді 15 жылдан кейін бұл цифр 50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Яғни, бұл жұмыс орындарын роботтар алмастыруы ықимал», - деді ол.
Сонымен қатар ол еңбек нарығы дамуының оң сценариі болуы мүмкін екендігін айтты.
Ал конференция жұмысына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның стратегиялық жоспарын жүзеге асыру ел экономикасын жыл сайын 4,5-5 пайыз өсімін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Бұл еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге бағытталған мақсатына сай келеді.
«Еңбек өнімділігін 50 пайызға арттыру арқылы өсім сапасын қамтамасыз ету жоспарланған. Ол үшін шикізаттық емес экспорт көлемі 41 млрд долларға жетіп, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 35 пайызға дейін артуы қажет», - деді Г.Әбдіқалықова.

16 мамыр 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области