Қызылордалықтар Батырхан Шөкеновті еске алды
Kyzylorda-news.kz. Сыр өлкесінің дарынды перзенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері композитор Батырхан Шөкеновтің туған күніне арналған "Ән деп соққан жүрегі» атты вокалды аспапты ансамбльдерінің концерті өтті.
Концертке «Сыр самалы», «Мереке» вокалды аспапты ансамблдері және әншінің шығармашылығына қызығушы топтар қатысты. Онда Б.Шөкеновтың салған әндері мен компазициялық туындылары орындалды. Сондай-ақ, жеке орындауда республикалық байқаулардың лауреаты Р.Үсенов, Г.Бисекенова, Д.Жамантаев, А.Наукеевалар кеш иесінің «Туған далам» «Гүл Алматы», «Время любви», «Отпусти», «Джулия», «Белая река» сияқты танымал әндерін шырқап, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.
Концерт барысында әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, шараға қатысушылар бұған зор белсенділік танытты.