Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ең қымбат бренд

Ең қымбат бренд

Kyzylorda-news.kz. Forbes журналы әлемдегі ең қымбат брендтердің биылғы рейтингін жариялады. Aplle корпорациясы 9-шы жыл қатарынан көш басындағы орнын сақтап келеді.
Сарапшылар америкалық корпорацияның құнын 205,5 миллион долларға бағалаған. Бір жыл ішінде бренд бағасы 12%-ға өскен. Сондай-ақ, алғаш рет 200 миллион доллардан асып отыр.
Рейтингте алғашқы бестікті тек технологиялық компаниялар иеленіп тұр. Apple корпорациясынан кейін екінші орында Google келеді. Құны 167,7 миллион доллар деп бағаланған. Өткен жылғы нәтижесімен салыстырғанда бұл компанияның құны 27 %-ға өскен.
Үздік үштікті Microsoft түйіндеуде. Бренд құны 125,3 миллион доллар көлемінде. 2018 жылғы құнынан 20 % жоғарылаған. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Amazon ($97 млн) мен Facebook ($88,9 млн) енген.
Ең қымбат брендтер ондығында технологияға қатысы жоқ компаниялар да бар. Атап айтсақ, Coca-Cola (6-орын — $59,2 млн), Disney (8-орын — $52,2 млн), Toyota (9-орын — $44,6 млн) және McDonald's (10-орын — $43,8 млн).
Рейтинг бойынша 20-ға жуық танымал брендтің құны төмендеген. Олардың қатарында ESPN (-10%), GE (-8%) және Hyundai (-8%) компаниялары бар. Бәрінен қатты құлдырағаны - Швецияның H&M сауда желісі. Өткен жылмен салыстырғанда бренд құны 11,5 миллион долларға арзандаған.

Massaget.kz
25 мамыр 2019 ж. 518 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области