Сырдария ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі өтті.
«Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, ашықтықты қамтамасыз ету және халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттарының бірі. Бүгін Сырдария ауданында бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызмет алушыларға кеңес беру, «Е-гов» жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауқымын кеңейту болып табылады. Іс-шара барысында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме мамандары тегін кеңес беріп, тұрғындар сұрақтарына жауап береді»,- деді департамент басшысы А.Мұхимов.
Айта кету керек, бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған болатын.