Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты

Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін - талантының арқасында Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп келе жатқан жас әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әлем жұлдызы атанған Димаш 25-ке, яғни мүшел жасқа аяқ басып отыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы әншінің туған күнін зерттеп, көпке белгісіз қырларын ашуға тырысты.
Ерте ақыл тоқтатқан
Құралай Бақытқызының айтуынша, Димаш Құдайберген сахна үшін жаралған жан, себебі онда әртістің коды бар екен.
"Өте позитивті адам. Бірақ өзіне аздаған сенімділік жетіспейді, сырт көзге сенімді көрінгенімен, іштей қобалжып, толқып тұрады. Ерте ақыл тоқтатқан, өмірге көзқарасы, түсінігі өз жасына сай емес, ерте есейген балалардың қатарына жатады", - дейді нумеролог.
Сандарды "сөйлеткен" маман Димаштың ән айтқан кезде, даусын мың құбылта алатын қасиетке ие екенін атап өтті.
"Даусын жуан, жіңішке етіп өзгерте алатын әншілердің қатарынан. Сол үшін де көпшіліктің жүрегіне жол таба біледі. Нумерология бойынша онда 4 саны төртеу, бұл цифр бізде шыдамдылық пен денсаулыққа жауап береді. Яғни, бұл адам ойы ұшқыр, шыдамды, шет тілдерді жақсы қабылдайды. Басқа тілдерде ән айтса, өз-өзін көрсете алады", - дейді Құралай Бақытқызы.
Нумерологияға сенсек, Димаш қомақты ақшаны тиімді жарата алмайды екен, босқа шашып жібереді. Десе да сараң адам емес, жомарт, қолы ашық.
"Болашақта одан композитор немесе ұстаз шығуы мүмкін. Бірақ саясаткердің коды жоқ. Математиканы жақсы көреді, сондықтан қаржыгер, экономист те бола алады", - дейді ол.
Асығыстық жасаса, адасады
"Асыққан – шайтанның ісі" демекші, жас әншіге асығыс шешім қабылдауға болмайды екен, әйтпесе қателікке ұрынуы мүмкін.
"Мейірімді, сезімтал жан, көп нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Мінезі жұмсақ, көбіне-көп жоспармен жүретін адам, бәрін алдын ала ойластырып қояды. Оған асығыс шешім қабылдауға болмайды, қателік жасап алуы мүмкін", - деп ескертті маман.
Сырт келбеті тартымды болғандықтан, адамдарды өзіне тез баурап алады екен.
"Бірақ, әсіресе, жол жүрген кезде бәрін жоспарлап, ерте қамдану керек. Мәселен, алдын ала билет сатып алып, немесе қонақүй нөмірін брондап дегендей. Әйтпесе, проблемалар туындауы мүмкін", - деді ол.
Әншіні мүшел жаста не күтіп тұр?
Құралай Бақытқызының айтуынша, нумерологияда "мүшел жас" деген түсінік жоқ, есесіне нөлдік жыл деген бар. Қазақ халқында мүшел қатерлі жыл саналса, нөлдік жыл да солай екен.
"Адамда нөлдік жыл болса, ол кісінің энергиясы азайып, жүрегі ауырып, денсаулығы сыр бере бастайды. Ондай жағдайда, адам көбірек демалуы тиіс. Киелі жерлерге, Меккеге барса, ол жеңіл өтіп кетеді. Бірақ, Димашта нөлдік жыл жоқ. Онда бақытты адамның коды бар", - деді маман.
 
"Менің бір байқағаным, мүшел жаста адамдардың көбі үйленіп, балалы-шағалы болып жатады. Алайда Димашта әзірге бұл байқалмайды, асықпай шаңырақ көтеретін сияқты", - дейді Құралай Бақытқызы.
Батыстан гөрі Шығыс жағады
Нумеролог жас қазақстандыққа Батыстан гөрі Шығыс елдеріне жиірек барып тұруға кеңес берді. Айтуынша, Шығыс елдері өнер жұлдызына көбірек жағады екен.
"Қытай, тағы басқа шығыс елдері оған энергия беріп, шабытына шабыт қосып, шығармашылық леп әкеледі. Америка, Ресейге қарағанда, Қытай жаққа барып тұруы керек. Батыс, мәселен, денсаулығына жақпайды. Егер ол менен қай жақта тұрайын деп сұраса, Шығыста деп жауап берер едім", - дейді Құралай Бақытқызы.
Маман Димаш Құдайбергеннің өз миссиясында жүрген жан екенін атап өтті.
Сондай-ақ, жас әншіге қасиетті 7 саны мен жасыл түс сәттілік пен бақыт әкеледі екен.

Қараша айында сақ болған жөн
Құралай Бақытқызы биылғы жыл қазақстандық әнші үшін жаман жыл емес деп отыр. Дегенмен, мүшел жасы қараша айына тура келетіндіктен, денсаулығын күтуі керек деп кеңес берді.
"Алыс сапарға шықпай, өз-өзін бір ай бойы күтуі керек. Дәл осы қараша айында шығармашылығына байланысты жақсы ұсыныстар түседі. Жалпы, денсаулығы тез қалпына келіп отыратындықтан, бұл жағынан қатты уайымдайтын еш нәрсе жоқ. Дегенмен, парашютпен секіру сияқты тәуекелдерге баруға болмайды. Дау-жанжалдан бойын аулақ ұстағаны абзал, себебі біреумен сөзге келіп қалуы әбден мүмкін. Алданып қалуы да ғажап емес", - деп ескертті нумеролог.

24 мамыр 2019 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области