Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Маңызды мәселелерді шешуге болатын күн. Көптен бері ойға алған жұмысты қалай жасау қажет екенін ұғасыз. Егер сізге әлдекімнің көмегі қажет болса, қол ұшын созатындар бар.
Торпақ
Өзекті мәселелер орын алмайды. Алайда ұсақ-түйек шаруалар жүйкеңізге тиетін болады. Әсіресе түске дейінгі уақытта өзіңіздің де, өзгенің де жұмысын атқаруға тура келеді. Бұл шаруаларды бүгін аяқтауға тырысыңыз.
Егіздер
Айналаңыздағылармен тіл табысып, олардан көп нарсе үйренуге болады. Сіз бүгін ғашық болуыңыз мүмкін. Тіпті махаббаттан ақыл-естен айырыласыз. Ішкі түйсігіңіздің арқасында адамдарды тез танисыз
Шаян
Жұмыста тек кейбір кездері ғана табысқа жетуге болады. Дегенмен сіз көңіл-күйіңізді түсірмейсіз. Бұрын тығырыққа тіреген тапсырмаларды орындауға асығыңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасты жақсартуға тырысыңыз.
Арыстан
Қарбалас күн. Өте қатал адамның көңілінен шығуға тырысасыз. Тек сонан соң ғана табыс, пайда туралы ойлайтын боласыз. Іскерлік және жеке қарым-қатынасты бір-бірмен араластырмаңыз. Сөзге қалуыңыз мүмкін.
Бикеш
Күніңіз жеңіл өтеді деп ойламаңыз. Алайда табысты болуға болады. Таңертең тұрғаннан қулыққа басып, тапқыр бола біліңіз. Сіз туралы барлығын білгісі келетін адамнан бойды аулақ ұстаңыз.
Таразы
Өзіңіз дұрыс деп тапқан шешімді қабылдауға тырысасыз. Ешкімнің қыспағына қалуды қаламайтыныңыз анық. Сіз өзіңізге әмір беріп сөйлегенді ұнатпайсыз. Сондықтан ешкімге тәуелді болғыңыз келмейді.
Сарышаян
Өзіңізді қолға алыңыз. Эмоцияға ерік берер болсаңыз, шынайы бейнеңізді жұртқа көрсететін боласыз. Мәдениетті бола біліңіз. Біреуге әзілдеймін деп, өзіңіз опық жеп қалмаңыз. Сөзіңізге абай болыңыз.
Мерген
Түске дейінгі уақыт сәтті өтеді. Жұмыста жетістікке жетіп, материалдық мәселеңіз оңтайлы шешіледі. Қызықты идеялар пайда болып, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Ойыңыз көпшлікке ұнауы мүмкін.
Тауешкі
Қиындықтан қашып құтылу мүмкін емес. Өзіңізге сенімді болмасаңыз бастағалы жүрген істі қолға алмаңыз. Көмек күткен жандарыңыз өз шаруаларынан босамайды. Сондықтан өзіңіз бір амалын табыңыз.
Суқұйғыш
Жанға жайлы күн. Жұлдыздар сіздің жақта, сондықтан кез келген істе жолыңыз болатынына күмәніңіз болмасын. Жағымды тосынсыйлар, қаржылай түсімдер, сондай-ақ іскерлік ұсыныстар түсуі мүмкін.
Балықтар
Ескі жоспарларды жүзеге асырып, ойлаған ісіңізді соңына жеткізесіз. Ол үшін сізге ескі таныстарыңыз көмекке келеді. Ал бұрын романтикалық қарым-қатынас орнатқан жандармен қайта байланыс орнатпағаныңыз жөн.