4 маусымға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы маусымның 4-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылып тұрады.
Кей жерлерде жауын-шашын болады, республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында ғана жаңбыр жаумайды.
Республиканың бірқатар аумақтарында найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Бұршақ жауып, солтүстік өңірде тұман болуы ықтимал.
Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл болады. Жел күндіз өңірдің басым бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы да мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Екпіні 23 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Атырау облысында, кей жерлерде Маңғыстау облыстарында күндіз күн қатты ысиды.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.