Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған байқау жарияланды

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған байқау жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған сурет байқауы жарияланды, деп хабарлайды SN.kz.

Үздік сурет туындылары 26 маусым-26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасындағы Заманауи өнер галереясына қойылады. Оларды көрме келушілері мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары сатып ала алады.
Үздік сурет туындылары 26 маусым - 26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасындағы Заманауи өнер галереясына қойылады. Оларды көрме келушілері мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары сатып ала алады.
«Байқауға картиналар, мүсіндер, кестелер мен Димаш Құдайбергеннің басқа да техникаларда орындалған суреттері қабылданады. Онда кәсіпқой және әуесқой суретшілер, студенттер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және кез келген адам қатыса алады. Қатысушыларға еш шектеу қойылмайды. Көрмеге қатысуға өтінімдер мен туындылардың фотосуреттері 5-20 маусым аралығында triumf.arka@mail.ru электронды мекенжайына жолдануы тиіс», - делінген басқарманың ресми хабарламасында.
Көрмеге кіру үшін «Мәңгілік ел» қақпасына билет сатып алу керек: ересектер үшін - 500 тг., балалар үшін - 350 (7 жасқа дейінгі балаларға тегін), студенттер мен жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға - 250 тг.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті 29 маусымда «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаштың «Арнау» атты шоу бағдарламасы Елорда күніне арналады. Концертке әлемнің 15 мемлекетінен Димаштың фанаттары келеді.

04 маусым 2019 ж. 427 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области