Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қазақстанда бірыңғай бизнес-тізілім іске қосылады

Қазақстанда бірыңғай бизнес-тізілім іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының VI Съезінде «Digital Atameken» жаңа даму моделі жайлы айтылды.
«Атамекен» өкілдерінің мәлімдеуінше, Ұлттық палата «цифрландырудың көмегімен елдегі миллиондаған кәсіпкер үшін тиімді институт» болуды көздеп отыр.
«Біздің жаңа мақсатты моделіміз болады. Біз цифрлық кеңістікке қадам басып, палата қызметін барынша цифрландырамыз. Ол қызметтерді алудың мобильділігін арттырады. Мемлекеттік органдардың есігін тоздырудың қажеті жоқ, үйде немесе кеңседе отырып-ақ іс тындыруға болады. Бұл әрі уақытты да қысқартады», - дейді Палата төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
Оның айтуынша, Ұлттық палата сервистерінің барлығы енді бірыңғай цифрлық платформаға салынады.
Бұдан тыс, ҰКП кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құрып жатыр. Тізілім мемлекеттік органдардың барлығының дерекқорымен үйлестіріледі. Бірыңғай бизнес-тізілім 2020 жылдың екінші тоқсанында іске қосылуы мүмкін.
Айта кетейік, 2019 жылы «Атамекен» 5 сатып алу алаңы мен 100 мыңнан астам тауардан құралған «Сатып алулардың бірыңғай терезесін» іске қосқан.
25 қазан 2019 ж. 568 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области