Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫ

«АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫ


«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастады. Елбасы атап көрсеткендей, жеңілдетілген салық режімі, тәуелсіз қаржылық сот пен ағылшын құқығы қағидалары бойынша жұмыс істейтін орталыққа еліміздің қаржы инфрақұрылымының ядросы, тұтас Орталық Азия аймағы үшін қаржылық хабқа айналу міндеті жүктеліп отыр.
Нақтырақ тоқтала кетсек, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі аясында 6 басым бағытты дамыту жоспарлануда. Олардың ішіндегі ең бастысы – капиталдар нарықтарын өркендету болмақ. Қазақстандық қаржы секторы, негізінен, банк институттарының және азаматтармен өзара іс-қимылдың басқа да дәстүрлі құралдарының жұмысына шоғырландырылған. Болашақта «банктік емес қаржылық қауымдастықты» құру бағытында жұмыс жасалады және бұл мәселеде капитал нарықтары Қазақстанның қаржы секторындағы жағдайды елеулі түр¬де жақсартады.
Елордамыздағы қаржы орталығының 2 және 3-басымдықтары бір-бірімен тығыз байланысты: бұл – «жеке меншік және мемлекеттік активтерді, қорларды басқару» және «жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару».
4-бағыт – «исламдық қаржыландыру» болмақ. Былтырғы ислам ынтымақтастығы ұйымының бірқатар ірі саммиттері әлемде және Қазақстанда өткізілді. Исламдық қаржыландыру бағытында Қазақстанның Орталық Азияда да, жалпы Еуразия өңірінде де көшбастаушы ел болуға мүмкіндігі бар.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің 5-ші үлкен бағыты «жаңа қаржы технологияларын» қамтуға тиіс. Елбасы АХҚО басшылығына орталықты «жаңа қаржы технологияларын дамыту бойынша жетекші сараптама орталығына айналдыру» туралы тапсырма берді.
6-бағыт ретінде «жасыл қаржыландыру» құралдарын енгізу мен дамыту қарастырылады. Осыған орай күні кешегі ЭКСПО-2017 жоғары технологиялық алаңы енді «жасыл» технологиялар саласында зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды, ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы – оның қаржылық құрамдас бөлігін ұсынуға тиіс.
Бұл қызмет бағыттарын тиісті құрылымдарсыз жүзеге асыру қиын. Әр салаға дербес жауап беретін тұлғалар мен ұй¬ым¬дар болғаны жөн. Осы мақсатта, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында ұйым қызметін реттеумен айналысатын бірнеше мамандандырылған орталық құрылмақ.
Ағымдағы жылы өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында «Астана» халықаралық қар¬жы орталығы мәселесі талқыланған болатын. Онда Елбасы қаржы орталығының өте күрделі жоба екенін, сонымен қатар Қазақстан үшін аса маңызды қадам екеніне де мән берген еді. – Болашаққа көз жібере отырып, біз «Астана халықаралық қаржы орталығын» инвестициялық капитал тартатын және қаржылық әдіс-тәсілдер саласындағы инновациялар орталығы ретінде көргіміз келеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуразияның «Қаржы қақпасына» айналуы керек,– деді Н.Назарбаев.
Сонда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы шетелдік инвесторларды қалай тартуға ниетті? Ол жаһандық нарықтарға не ұсына алады? Орталық шетелдік инвесторларды жеңілдіктер мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы тартуды көздеп отыр. Астана – Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ өңірлерінде, сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бой¬ынша ынтымақтастық бағытында қаржылық және технологиялық хаб рөлін атқара алады. АХҚО аясында инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер Дубай және Абу-Даби тәжірибелерінен алынған. Бізде де корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы бойынша 50 жылға жеңілдіктер болады. Бұл жеңілдіктер дүние жүзіндегі өзге қаржы орталықтарымен бірдей.
Сонымен қатар инвесторларға қолайлы визалық қолдау көрсетілмек. Атап айтқанда қаржы орталығының қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне қай елден келгеніне қарамастан, ұзақ мерзімді – 5 жылдық виза ұсынылады.
Халықаралық қаржы орталығы Дубай моделі бойынша жұмыс істейді. Дубай – әлемдегі ең сәулетті, ең дәулетті қалалардың бірі. Қаланың қарқынды дамуына серпін берген жобалардың бірі – Дубай халықаралық қаржы орталығы. Дубай қаржы орталығы «Dubai International Financial Centre» (DIFC) – салық жеңілдігі қарастырылған оффшорлық аймақ 2004 жылдан бері табысты қызмет етіп келе жатыр. Оффшор деп отырғанымыз – салықтарды оңтайландыру әдістерінің бірі. Халықаралық қаржы орталығы инвесторларға бар жағдайды жасаған. Алдымен салықтан босатты, сосын ағылшын үлгісіндегі құқық жүйесін енгізді.
Дубай халықаралық қаржы орталығының тәжірибесіне сүйенсек, орталық қаржы айналымының үштен екі бөлігін қаржы институттары, қалғанын қызмет көрсету саласы (аудит, заңгерлік кеңестер, мейманханалар) қамтамасыз етеді екен. Яғни олар да орталықтың қатысушылары, салықтың барлық түрінен босатылған және олар үшін ешқандай әкімшілік кедергілер жоқ. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық аймақта ірі, орта және шағын бизнестің кластері қалыптасқан. Яғни инвесторлардың көп келуі жаңа компаниялар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болды.
Дубай моделін назарға ала отырып, Қазақстанда халықаралық қаржы орталығын құру – экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басты бағыттардың бірі саналады. Сонымен қатар бұл жоба еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекет екендігінің айқын дәлелі.
К.ДЖРАУОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің
Қаржы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к
08 маусым 2018 ж. 856 1

Adrianne от 26 мамыр 2025 02:10
I think the admin of this web page is genuinely working hard for his site, as here every material is quality based material. meilleur casino en ligne Everything is very open with a precise description of the issues. It was definitely informative. Your site is very useful. Thanks for sharing! casino en ligne fiable This is a topic which is near to my heart... Best wishes! Exactly where are your contact details though? meilleur casino en ligne Hi it's me, I am also visiting this web page daily, this website is in fact nice and the visitors are genuinely sharing pleasant thoughts. casino en ligne Wonderful blog! I found it while browsing on Yahoo News. Do you have any suggestions on how to get listed in Yahoo News? I've been trying for a while but I never seem to get there! Many thanks casino en ligne Thanks designed for sharing such a good thought, paragraph is good, thats why i have read it fully casino en ligne Why viewers still use to read news papers when in this technological globe all is available on web? casino en ligne France Hi there would you mind sharing which blog platform you're using? I'm looking to start my own blog in the near future but I'm having a hard time deciding between BlogEngine/Wordpress/B2evolution and Drupal. The reason I ask is because your design seems different then most blogs and I'm looking for something unique. P.S My apologies for being off-topic but I had to ask! casino en ligne Very great post. I simply stumbled upon your weblog and wished to mention that I've really loved browsing your weblog posts. After all I will be subscribing for your feed and I'm hoping you write again soon! casino en ligne I'm impressed, I must say. Rarely do I encounter a blog that's equally educative and interesting, and let me tell you, you have hit the nail on the head. The issue is something not enough men and women are speaking intelligently about. I am very happy I came across this in my search for something relating to this. casino en ligne

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области