Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтардың іске асуы экономиканың барлық салаларының жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етеді.
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша өсу байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 106,3 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,3 пайызға ұлғайды, бұл - республика бойынша бесінші нәтиже.
Республикада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойыншада облыс 5-ші орында, ал нақты көлем индексі – 126,1 пайызды құрайды. Тұрғын үй құрылысына 7,0 млрд. теңге жұмсалды.
Өткен 2017 жылдың деңгейіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,3 пайызға өсті, бөлшек сауда – 1,9 пайызды құрады. Жолаушылар айналымы 8,7 пайызға өсті.
1. Жолдаудауда белгіленген негізгі 10 бағыттың біріншісі индустрияландыру оның ішінде өңдеу секторы болып табылады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде жеңіл өнеркәсіп 1,6 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 1,5 есе, жиһаз жасауда 22,0%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатуда 13,4%, өзге металл емес минералдық өнімдер өндіру – 1,6 есеге өсім байқалды.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Экономиканы дамытуда табиғи ресурстардың орны ерекше.
2018 жылдың қаңтар-сәуірде облыс бойынша 594,0 млн кВт.с электрэнергиясы өндірілді, оның ішінде 0,4 млн. кВт.с күн электр станцияларымен өндірілген.
3. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі
2014 жылдан бастап Статистика комитеті кенттердің, ауылдық округтердің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізу, түзету және сақтауды жүзеге асыруға үшін электронды түрде жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету қалыптастырды, яғни әлеуметтік-экономикалық корсеткіштердің электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге және әкімдердің еңбек шығындарын қысқарту мақсатында әзірлеген
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде облыста автомобиль көліктерімен 25,4 млн. тонна жүк және 113,5 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,4 және 108,7 пайызды құрады.
5. Бесінші басымдық аясында, жүзеге асып жатқан бағдарламалар арқасында облыстағы пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі соңғы 5 жылда 2 еседен аса өскен. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2018 жылдың 1 мамырына 20,1 шаршы метрді құрады.
7. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Соңғы 10 жылда халық саны 109 мың адамға көбейді және 2018 жылдың 1 мамырында 786,7 мың адамды құрады.
Облыстағы өлімге қарағанда туу көрсеткішінің жоғарылығы жалғасуда. 2018 жылдың 4 айында 6 мың туылғандар мен 1,5 мың өлім тіркелген. 52 жұп егіздер дүниеге келген. Еңбекке қабілетті жастағылардың саны артуда (2018 жылдың 1 қаңтарына 446,1 мың адамды құрады). Бүгінгі таңда облысымызда 100 тұрғынға 8 зейнеткерден келеді.
Некеге тұрғандар саны – 1717, ал ажырасулар - 587 құрады.
Қазақстанның табысты болашағының негізгі – "Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт". Облыс бойынша соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 67,5 жастан 72,6 жасқа дейін өсті. Жаңа туған сәбилердің шетінеуі 2,5 есе азайды (1000 туғанға).
Жетінші басымдықтың негізгі бағыттарының бірі сапалы жұмыспен қамту.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. 2018 жылғы І тоқсанда облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны 328,1 мың адам, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтығандар - 113,7 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі - 4,8 пайыз, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 4,3 пайыз болды.
8. Сегізінші басымдыққа сәйкес, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараттық жүйесі басқа мемлекеттік органдардың 28 ақпараттық жүйесімен біріктірілген. «Е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында «on-line режимде деректерді Жинау» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол респонденттерге статистикалық органға бармай-ақ сандық қолтаңба арқылы есептілікті тапсыруға мүмкіндік береді.
2018 жылдың 1 тоқсанында on-line режимде 45876 есептілік қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,9 пайызға артқан.
Департамент сайтында респонденттер үшін барлық қажетті ақпараттар уақытылы орналастырылады, соның ішінде ескертулер мен ұсыныстарға «Сұрақ-жауап» топтамасы бар.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Департамент статистика Комитетінін ақпараттық қауіпсіздік саясатын басшылыққа алады. Саясаттың мақсаты ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады және қауіпсіздікке қатер төндіретін оқиғалардан келетін зиянды мейлінше азайту .
9. Заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді. Жыл сайын Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлкен көңіл бөледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау шеңберінде іс-шаралар жүргізіледі. Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және әдептілік нормаларын түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мәселен, биылғы жыл басынан бері 10 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2018 жылдың басынан бастап бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін 188 әкімшілік іс қаралып, 4 302 545 теңге сомасына айыппұл салынды. Оның ішінде мемлекет пайдасына – 3 739 775 теңге өндірілді.
Осы ретте, 2018 жыл басынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасынан 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеу мүмкіндігі берілді.
12 маусым 2018 ж. 768 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области