Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарға тұңғыш жолдауын жариялайды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақстандықтарға тұңғыш жолдауын жариялайды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халыққа жолдау жариялайтыны туралы Президент осыдан үш апта бұрын хабарлаған еді. Жолдауда көтерілетін мәселелердің бір қатарын Мемлекет басшысы атап өткен болатын.
«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деген еді Президент Twitter парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауында тағы қандай мәселелер көтерілуі мүмкін? ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев осыған қатысты болжам жасап көрген болатын.
«Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының ерекше құпия жасамай, барлық зорлықшыларға жазаны қатаңдатуға ниетті екендігімен бөлісуі фактісінің өзі қызықтыра түседі. Бұл жаңалықты құпия ұстай тұрып, залда барынша қошеметке ие болуға да болар еді. Дегенмен, Президентке пойыздағы зорлау сорақы фактісіне байланысты оқиғаға бей-жай қарамаған отандастарымен пікірлес екендігін білдіру маңызды болған сияқты. Осынау қысқа ғана твит іс жүзінде зорлыққа бірауыздан жек көрушілікті қалыптастыруда айрықша рөл ойнады. Қалғаны әзірше құпия қалып отыр», - деп жазады Т.Қалиев Telegram-да.
Оның пікірінше, Президенттің алдағы Жолдауында әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелер көтеріледі.
«Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру. Тамыз кеңесінде төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын 4 есе көтеру тапсырмасы берілді. Бұл тармақ жолдаудада қозғалып, барынша тарқатылуы мүмкін. Таяуда өткен индустрияландыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы түбегейлі мәселелерді көтеріп, қазақстандық экспорт үлесін арттыру туралы тапсырма берді. Бұл мәселе де Жолдауда барынша кеңінен қозғалатын шығар. Үкіметтің таяудағы кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызметке араласу тақырыбын көтеріп, бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрін жұмыстан босататындығына уәде берді. Кәсіпкерлікті қорғау шаралары заңнамамен кепілдендіруге тапсырма береді деп болжауға болады», - деді ол.

02 қыркүйек 2019 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области