Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев: «Egemen Qazaqstan» қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Egemen Qazaqstan» қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады. Еліміздің бас басылымның мерейтойына орай өтіп жатқан салтанатты шарада Мемлекет басшысы құттықтауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымын газеттің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір ұжымға ғана емес бүкіл елімізге ортақ қуаныш. «Egemen Qazaqstan» әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты және рухани құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды. 100 жасаған газеттің егеменді ел болу жолында жасаған жұмысы ұшан-теңіз», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұқтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сияқты Алаш арыстары басқарған басылым әрдайым қазақтың рухын биік ұстағандына баса назар аудартады.
«Газет ұжымы кеңес заманының өзінде ана тіліміз бен ұлттық санамызды сақтауға, төл мәдениетіміз бен тарихымызды насихаттауға, елдігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. «Egemen Qazaqstan» Тәуелсіздіктің елең-алаңында да Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтай біртуар азаматтардың басшылығымен мемлекет іргесін биіктетуге атсалысты. Қазақстанның шежіресі бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы газеттің әр санында Елбасының барлық бастамалары мен шешімдері, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар баяндалды. Осы игі үрдіс жаңғырудың жаңа кезеңінде жалғасын тауып, егемендіктер Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында жемісті қызмет ете береді деп сенемін. Ғұмыры ғасырмен өлшенетін газеттің торқалы тойы құтты болсын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
21 қараша 2019 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области