Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » АСҚАР МАМИН МЕН ДМИТРИЙ РОГОЗИН ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

АСҚАР МАМИН МЕН ДМИТРИЙ РОГОЗИН ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ


Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті деп хабарлайды Primeminister.kz.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан-Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.
Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.
17 қыркүйек 2018 ж. 771 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области