Назарбаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
"Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, - делінген хабарламада.
"Хабар 24" мәліметінше, саммитте басты мәселе интеграциялық процесстердің дамуы жайлы Декларация талқыланады. Онда еуразиялық интеграцияның сауда, энергетика, сандық экономика және косманавтика салаларының ары қарай дамуының негізгі бағыттары айқындалады.