Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті

Мемлекет басшысы ресми сапары аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінде болып, Кеңес төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге алғашқы шетелдік сапарының символдық мәні зор екенін айтып, бұл өзара құрмет пен сенімге негізделген екіжақты стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін айғақтайтынын атап өтті.
– Қазақстанның жаңа Президенті ретіндегі менің міндетім – елдеріміз арасындағы одақтастық қарым-қатынастың дамуына мол еңбек сіңірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз ету, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенконың ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, Федерация Кеңесінің спикеріне екіжақты парламенттік байланыстарды нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстар мен халықаралық құрылымдар аясындағы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі елдің интеграциялық күн тәртібі аясында өзара іс-қимылдарды кеңейту мәселелеріне арнайы тоқталды.
– 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия экономикалық одағының мерейтойлық саммиті өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті ретінде еуразиялық интеграцияның дамуына барынша жағдай жасаймын. Біздің мемлекеттеріміздің парламенттері осы үдерістерге зор үлес қоса алады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Валентина Матвиенко парламентаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын айтып, осы сапар Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беретініне сенім білдірді.
– Кестеңіздің тығыздығына қарамастан, Федерация Кеңесіне келуге уақыт тапқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Екіжақты парламенттік өзара іс-қимылдарды және ТМД Парламентаралық Ассамблея аясындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке үлесіңіз үшін Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Валентина Матвиенко.
Соңында Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы сәуір айында Парламентаралық Ассамблеяның кезекті отырысы жоспарланғанын және осы жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның шақырылғаны туралы айтты.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасты.
04 сәуір 2019 ж. 540 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области