Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ


    Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары 386 млн. 643 мың теңгеге жазылған құжаттар негізінде жоқ құрылыс материалдарын алу туралы келісімге келген тұлғаларды әрекет үстінде ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
    Кәсіпкермен оның серігінің  алдын ала келісімі бойынша 2016 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың мамыр айы аралығында екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында жалпы сомасы 386 млн. 643 мың теңгенің шот-фактуралары ұсынылған. Алайда ешқандай нақты тауар алынбаған.
    Мемлекетке ірі көлемді залал келтірілетін бұл әрекет ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігімен және 216 бабының 2 бөлігі 2,3 тармақтарымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық болып танылады.
    Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының талдау есептеріне сәйкес, шот-фактураларды алған заңды тұлға осы шот-фактураларды қолданған жағдайда, бюджетке түсетін 110 млн. 469 мың теңге салықтан  жалтаруға негіз болар еді.
    Экономикалық тергеу қызметінің жүргізген жедел шаралары негізінде қылмыстық топтық жоспары аяғына дейін жеткізілмей, екі тұлғаның бір-біріне  55 млн. теңге беру кезінде ұсталды.
    Қазіргі кезде бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 216 бабы 2 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа жолданды.

17 қаңтар 2018 ж. 1 764 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области