КӨЛІК СОҚҚАН АДАМДЫ АВТОБУС СҮЙРЕП ӘКЕТКЕН
Астанада көлік соғып, қаза болған ер адам кейін автобус астына түсті, деп хабарлады https://sputniknews.kz/.
Оқиға болған Лавренев көшесінің бір бөлігінде электр шамдары мүлдем жоқ екен. Қас қарая осы көшемен жүріп келе жатқан Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен ер адамды қағып кетеді. Көлік соққан адам «Жедел жәрдем» келгенше көз жұмады.
Кейін осы жермен автобус өтеді. Жүргізуші жолда жатқан ер адамды байқамай, оны жеті метрдей жерге дейін сүйреп кеткен.
Апат болған жерге келген криминалдық полиция қызметкерлері шақырылыпты.