Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Самара-Шымкент трассасында автобус аударылды

Самара-Шымкент трассасында автобус аударылды


Облыстық жергілікті полиция қызметінің соңғы ақпараты бойынша автобуста 36 адам болған, оның 34 Өзбекстан Республикасының азаматы.
Кеше сағат 20.20 шамасында Шымкент-Самара автожолының бойында Арал қаласының маңында «Шымкент-Новосибирск» бағытында қатынайтын Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бара жатқан автобус аударылды.
Автобус ішінде Ресейден қайтып келе жатқан 36 адам боған. Оның 34 Өзбекстан азаматы. Ал 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматтары.
Зардап шеккендерге көмек көрсету және аурухағанаға апару мақсатында Арал ауданының әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға орнына шықты.
Оқиға орнында арнайы қызметтердің 10 бірлік техникасы жұмыс істеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, 2 адам ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 1 жолаушы аудандық ауруханада ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
17 жолаушы Арал ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көмегімен жол бойындағы қонақ үйге орналастырылды. Қалғандары өз бетінше Новосибирск қаласына қайтып жолға шыққан.
23 қараша 2018 ж. 12 690 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области