ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
2017 жылғы 21 қараша күні таңғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 12-шақырымында заңсыз аң аулауы мүмкін деген күдікпен бір автокөлікті тоқтатады. Көлік ішін тексере келгенде 54 қоян табылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында автокөліктің жүксалғышынан 3 дана аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Осы 4 азаматқа қатысты дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.