Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘНІГІ БАРЫМТАШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

КӘНІГІ БАРЫМТАШЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ


    Қызылордада Сырдария ауданы тұрғындарының 33 жылқысын ұрлаған кәнігі барымташы қолға түсті.  
    Осы жылдың 24 қарашасында полицияға 50 жастағы аудан тұрғынынан Қоғалыкөл ауылына жақын Аңламас жайылымынан 24 жылқысының қолды болғаны жөнінде арыз түседі.   
    Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада анықтап, оны ұстау шараларын ұйымдастырған. Қазір аудандық полция бөліміне жеткізілген 36 жастағы азаматтың тағы осындай үш қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр.  
    Аталған факті бойынша қазір соталды тергеу жұмыстары басталды.
    Сондай-ақ, облыстық ІІД баспасөз қызметі осы жылдың 24-26 қарашасы аралығында мал ұрлығын болдырмау, оған қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында   «Соғым»  жедел-профилактикалық шарасының ұйымдастырылғанын хабарлайды.
    Үшкүндік шара аясында жұмыс тобы мүшелері үйлерді аралап, малды ұрылардан сақтаудың жолдары жайлы түсіндірме жасады.
     Рейд барысында мал ұрлығына қатысты 7 факті анықталып, 3 қылмыстық топ ұсталды.  

28 қараша 2017 ж. 699 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области