Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда облыстық жас ақындар аламаны өтті

Қармақшыда облыстық жас ақындар аламаны өтті

Kyzylorda-news.kz. Қармақшыда жастар жылы аясында Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Ерлерім сөйле дегесін» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Жас ақындар айтысына айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 10 жас ақындар қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, үздік өнер көрсетті.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Сандыбай Піржан /Қызылорда қаласы/, І орынды Айқын Төлеген /Шиелі ауданы/, ІІ орынды Бағдаулет Әділбаев /Қызылорда қаласы/, ІІІ орынды Еркебұлан Серіков /Қармақшы ауданы/ иеленді.
Сонымен бірге белсенді қатысқан айтыскер ақындарға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.
Қасиетті Қармақшы өлкесіндегі жыр додасында киелі сөздің үздік үлгілерін танытқан жас ақындарымыз тыңдарманның көңілін жауһар жырымен сусындатты.

18 маусым 2019 ж. 575 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области