ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Шиелі аудандық орталық кітапханасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты жас суретшілер байқауы өтті.
Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығын арттыру, оларға қолдау білдіріп, болашаққа бағыт беруді мақсат тұтқан сайысқа аудандағы №46, №219, №45, №47, №48 мектептерінен 15 оқушы қатысты. Әрқайсысы тәуелсіздікті өз шеберліктерімен, қиялындағы ғажайыптарымен үндестіре отырып қағаз бетіне түсірді.
Оларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Абусадиров, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Рахманберді Ибраев және аталмыш бөлімнің бас маманы Жадыра Отарбаева әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысында қатысушылардың ешбірі марапатсыз қалмады. Барлық өнерпаздарға алғыс хаттар, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.