Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты (видео)

Президент Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты (видео)

Kyzylorda-news.kz. Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткішті ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Маңғыстау өңірінің қадір-қасиетін ерекше айтып өтті.
«Маңғыстау – жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен жер атанғаны баршаға мәлім. Ертеде осы өңірден Еуропа мен таяу шығысқа Ұлы Жібек жолы жалғасқанын білеміз. Бұл өлке Каспий теңізі арқылы елімізді 4 мемлекетпен байланыстырып тұр. Тоғыз жолдың торабындағы облыс қай жағынан алсақ та маңызы зор аймақ. Мәдени жәдігерлері мол, осы өңірді аспан астындағы мұражай деуге болады. Бұл - пір Бекет, Шақпақ ата, Шопан ата бабаларымыз өмір сүрген жер. Маңғыстау - 362 әулиенің мекені», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбай - адамзаттық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы перзенті.
«Халықтың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Елбасының «Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен», деп Әбіш ағаға ризашылығын білдіруі тегін емес. Зиялы қауым оған айрықша құрмет көрсетіп, қазақтың маңдайы деп атады. Әбіш Кекілбаев - «Қазақстанның еңбек ері» атағын алған тұңғыш қаламгер», - деді Мемлекет басшысы.
Ақтау қаласындағы 19А шағынауданда бой көтерген ескерткіштің авторы - мүсінші, суретші Көшер Байғазиев.
Ескерткіш қоладан тұрғызылған. Биіктігі – 3,5 метр. Салмағы - 3,5 тонна. Мүсін тұғырының биікті – 2,4 метр.
Айта кетейік, биыл әдебиетіміздің алып бәйтерегі Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, абыздың туып-өскен жері Маңғыстауда мерейтой халықаралық деңгейде тойланбақ. Республиканың түкпір-түкпірінен қаламгердің замандастары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері - барлығы 100-ге жуық адам арнайы қатысады деп күтілуде.


10 қазан 2019 ж. 730 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области