Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Атамекен» балалар ауылында Тұңғыш Президент күні аталып өтті

«Атамекен» балалар ауылында Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент күніне орай «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Болашақ бүгіннен басталады» атты мерекелік концерт өтті. Шараға тәрбиеленуші балалар мен Қызылорда облыстық «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы мен өзге де сала өкілдері қатысты.Мерекелік іс-шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың авторлық  кітаптарын сыйға тартты.
«Балалар өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Барлығы да өнерлі. Би, ән айтады және арнайы көрме де жасап қойды. Бұл көрмеде балалар өздерінің декоративтік жұмыстарын, сурет жұмыстарын бізге ұсынып жатыр. Алдағы уақытта осындай тәлімі мен тәрбиесі мол іс-шараларды балалар үйімен бірлесіп ұйымдастыратын боламыз», - дейді «Nur Otan» партиясы «Халық» бастауыш партиясының төрайымы Айнұр Шорабекқызы.
Отанды сүйіп, мақтан тұтуды және мәдени мұрасын құрметтеуді бала бойына ерте жастан сіңіру қажет, дейді шараны ұйымдастырушылар. Бұл күні балалар өнерлерін көрсетіп қана қоймай, Тұңғыш Президент жайында көптеген қызықты мағлұматтармен де танысты.

29 қараша 2019 ж. 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области