ҚР Президенті Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваны наградтау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртісі Роза Рымбаеваға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - деп жазылған қаулыда.
Роза Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген. Оның есімін ата-анасы Роза Бағланованың құрметіне қойған.
1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.
Роза Рымбаева 1977 жылы Болгариядағы "Золотой Орфей" фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін шырқаған соң ерекше танымал болды. Ол гран-при ұтып алды.
КСРО-да Алла Пугачева мен София Ротару сынды үлкен танымалдылыққа ие болды.