Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұхтар Ниязов «Айтыстың ақтаңгері» атанды

Мұхтар Ниязов «Айтыстың ақтаңгері» атанды

Kyzylorda-news.kz. Оралда «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты VІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Белгілі ақын, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізген доданың финалында он ақын өнер көрсетті.
Сахнаға бірінші болып шыққан қарағандылық Өміржан Көпбосынов алматылық Қанат Мырзаханнан басым түсті.
Батысқазақстандық Жансая Мусина түбі семейлік, қазір Алматыда тұратын Рүстем Қайыртайға жол берді.
Тағы бір алматылық Қазірет Бердіхан қарсыласы, павлодарлық Аспанбек Шұғатаевтан гөрі жоғары балл алды.
«Алтын домбыраның» екі мәрте иегері, қызылордалық Мұхтар Ниязов батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлының алдын орап кетті.
Айтыстың ақтаңгері, Арқалық қаласының өкілі Айбек Қалиев нұрсұлтандық Әсем Ережеқызын жеңді.
Осы топтың ортасынан суырылып, алға шыққан Мұхтар Ниязов пен Рүстем Қайыртай суперфиналда күш сынасты. Қос құрдас елдік пен достықтың туын жоғары көтере білді.
Қазылар алқасының шешімімен «Алтын домбырамен» бірге бас жүлде (4 млн теңге) Рүстем Қайыртайға берілді.
Мұхтар Ниязов бірінші жүлдеге (2 млн теңге) қоса «Айтыстың ақтаңгері» атағына ие болды.
Жансая Мусина мен Қазірет Бердіхан екінші (1 млн теңгеден) , Айбек Қалиев пен Өміржан Көпбосынов үшінші (700 мың теңгеден) орынға көтерілсе, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ережеқызы, Қанат Мырзаханға арнайы жүлде (350 мың теңгеден) берілді.
Айтыс меценаты Дулат Тастекеев белгілеген бір жылдық стипендия (2,4 млн теңге) Бауыржан Ширмединұлына бұйырды. Сондай-ақ кәсіпкер қарағандылық Дидар Қамиевке ат мінгізді. Басқа қатысушылар шабыттандыру сыйлықтарымен қайтты.
Жүлделерді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы тапсырды.

18 желтоқсан 2019 ж. 643 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области