Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДЫҢ САҢЛАҚ ПЕРЗЕНТІ

СЫРДЫҢ САҢЛАҚ ПЕРЗЕНТІ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қоғам және мемлекет қайраткері, академик Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл толуына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында өмір жолы мен қызметіне арналған «Сырдың саңлақ перзенті» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
    Қазақ геология ғылымының өркендеп дамуы Шахмардан Есеновтің есімімен тікелей байланысты. Сыр перзенті Қазақстан ғылымы мен өндірісінде өшпестей із қалдырып,  ұлт мақтанышына айналды.
     Ғалым мерейтойына арналған кітап көрмесі «Геология ғылымының ғұламасы», «Шоқтығы биік Шахмардан», «Қайраткер» атты 3 бөлімнен тұрды. Онда ғалымның өмірі мен студенттік жылдары, туған жері мен отбасы жайлы фотоматериалдар,   белсенді қоғам қайраткерлерінің Есенов жайлы естеліктері қойылды.
    Сондай-ақ көрмеге келушілер академиктің геология-минерология саласына  қосқан үлесі туралы туындылармен танысты.


23 қазан 2017 ж. 1 068 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области