Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РАХЫМ ШЕГЕБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

РАХЫМ ШЕГЕБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ


Қызылордалық суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Рахым Шегебаев шығармашылығының 45 жылдығына арналған жеке көрмесінде «Тәуелсіздікке тарту» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қылқалам шеберін құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
«Адамзат өркениетімен бірге жасап келе жатқан, өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жаратарлық құндылығы бар. Соның бір дәлелі – Рахым Шегебаевтың шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал, Канада, АҚШ, Португалия, Венгрияда да қойылған», - деді аймақ басшысы.
Рахым Шегебаев – реалистік көркемсурет мектебінің өкілі. Оның шығармашылығы Түркі әлемінің абызы Қорқыт ата және Сыр өңірінің табиғатымен үндес болып келеді.
Естеріңізге салайық, тұңғыш Бүкілқазақстандық республикалық көрме 1926 жылы және Қазақстан суретшілерінің тұңғыш көшпелі көрмесі 1928 жылы Қызылорда қаласында өткен болатын.
2014 жылдың қараша айында аймақта тарихи және мәдени маңызы бар жергілікті ескерткіш – бұрынғы облыстық әскери комитеттің ғимаратында көркемсурет галереясы ашылған болатын. Содан бері галереяда жергілікті және сырттан келетін қылқалам шеберлерінің көрмелері, бейнелеу өнері сабақтары өткізіліп келеді.





14 қыркүйек 2018 ж. 816 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области