Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Жайықтан ұшқан ақ шағала» атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын дәріптеу, жастарды поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Ақұштап ақынның жырларының ең басты екі тірегі – туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Мәдени шараға «Болашақ» университетінің студенттері қатысып, Ақұштап ақынның өлеңдері мен поэзияны сүйетін жастар өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқыды.
Шара барысында ақынның «Ана әлдиі», «Өлең деген құдірет» екі томдық таңдамалы өлеңдер жинағы оқырман қауымға таныстырылып, ақын сөзіне жазылған әндері орындалды.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгердің қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды арқау еткен туындылары оқырмандарды терең ойға қалдырып, жастардың жігерін оятты.



17 қыркүйек 2018 ж. 955 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области