Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық ару Miss asia global титулын жеңіп алды

Қазақстандық ару Miss asia global титулын жеңіп алды

«Miss Asia Global Қазақстан 2018» өңірлік конкурсының жеңімпазы Әсем Есенгелдиева «Miss Asia 2018» халықаралық сұлулық байқауында Miss Asia Global титулын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкурс Үндістанның Кочин қаласында 2-10 қарашада өтті. Бұл Әсемнің халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісі. Сондай-ақ, жерлесіміз «Ең әдемі шаш» жеке номинациясында жеңімпаз атанды.

Биыл «Miss Asia» тәжі үшін әлемнің 25 елінің өкілдері бақ сынап жатыр.
«Miss Asia» әлемдегі танымал халықаралық конкурстардың бірі саналады. Ол 1968 жылдан бері өткізіліп келеді.
Әсем халықаралық конкурстың титулынан бөлек ұйымдастырушылардан ақшалай сертификат алды. Miss Asia Global титулының иегері шұғыл операцияға мұқтаж жергілікті балаларға белгілі бір соманы беруді жөн деп тапқан.

Әсем Алматыда оқиды. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің үшінші курсының студенті. Ол Velada халықаралық модельдік агенттігінің құрамында. Түрлі жылдары аудандық және облыстық сән байқауларына қатысқан.
«ТМД аруы» халықаралық сұлулық байқауында 16 елдің ішінде «ТМД 1-ші вице-мисс 2018» титулын иеленді.

Әсемнің өзі Victoria's Secret құрамына кіруді армандайтынын айтты. Ол бос уақытында садақ атумен айналысады, ән шырқауға әуес және көп оқиды. Көптеген ивент жобаларға қатысады.




12 қараша 2018 ж. 579 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области