Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәскеу жұртшылығы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмін тамашалады

Мәскеу жұртшылығы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмін тамашалады

Мәскеудегі Третьяков галереясында "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмінің арнайы көрсетілімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрсетілім аясында қазақстандық журналистерге сұхбат берген картина режиссері Рүстем Әбдірашовтің айтуынша, бұл туынды бүгінде тек Қазақстанда ғана емес сонымен бірге шетелде де танымал болып келе жатыр.
"Бұл "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмінің шетелдегі алғашқы көрсетілімі. Дегенмен, фильмнің орыс тіліндегі нұсқасын YouTube-ке салған едік және ол бір айдың ішінде миллионнан астам көрілім жинап отыр. Біз үшін бұл өте үлкен көрсеткіш. Фильмге оң баға берілуде және әлемнің түкпір-түкпірінен, Түркиядан, Ресейден, Ауғанстаннан, Ираннан, Латын Америкасы елдерінен жақсы пікірлер түсуде. Түрлі елдердің азаматтарының қазақтың, түркілердің тарихына, жалпы көшпелілердің өркениетіне қызығушылық танытып отырғандығы қуантады. Өйткені, тарихы 550 жылдан асып жығылатын Қазақ хандығының, ұлы көшпелі түркі өркениетінің тарихтағы орны ерекше.
Сонымен қатар ол бүкәлемдік өркениеттің де дамуына айтарлықтай үлес қосатындығы белгілі", - деді Рүстем Әбдірашов.

Осы ретте ол фильмнің бірінші бөлімі үлкен жобаның бастамасы ғана екендігін баса айтты.
"Таяуда ғана "Алмас қылыштың" жалғасы саналатын "Қазақ хандығы. Алтын тақ" деп аталатын екінші бөлігін түсіруді аяқтадық. Жақын арада оның тұсаукесері өтеді. Сондықтан мұны үлкен жобаның бастауы ғана десек те болады", - деді ол.
Туынды продюсері Арман Асенов қазақ фильмін бүгінде шетелдік көрермендер танымал "Тақтар ойыны" сериалымен салыстырып жатқандығын баса айтты.
"Бұл фильмді 180-нен астам ел сатып алуға қызығушылық танытып отыр. Ол бірінші және екінші маусымдағы 10 серия мен 2 кино нұсқаны қамтиды.
Айта кетерлігі, ең алдымен Латын Америкасы елдері қызығушылық танытуда. Олар бұл туындыны "Тақтар ойынымен" салыстыруда", - деді ол.
Тарихи жобаның авторы - ҚР Президенті Н. Назарбаев. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-ның қатысуымен түсірілген. Фильм сценарийін жазушы Смағұл Елубай Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша дайындаған. Түсіру жұмыстары Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында, жарты бөлігі «Қазақфильм» киностудиясында жасалған декорацияда өткен. Онда суретшілер Шайбаншахтың сарайын жасаған.
«Алмас қылышты» түсіруге екі жыл уақыт кеткен. Фильмге 500 адам тартылған. Оның 200-і түсірілім тобының мүшелері. Нақты түсіру жұмыстары 30-ға жуық нысанда бес ай бойы жүрген. Фильм бюджеті 2 млрд теңгеге жеткен. Салықтарымен есептегенде 5 млн доллар жұмсалған.


21 қаңтар 2019 ж. 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области