Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығады

«Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығады

Kyzylorda-news.kz. Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты ауқымды тарихи-шытырман оқиғалы фильмі енді АҚШ-та көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Анаға апарар жол» фильмі 24 мамырдан бастап АҚШ-та прокатқа шығады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Новый мир» және Sataifilm компанияларымен бірлесе түсірген «Анаға апарар жол» фильмі Лос-Анджелес (Калифорния штаты), Хартфорд (Коннектикут штаты), Хьюстон (Техас штаты) және Нэшвилл (Теннесси штаты) қалаларындағы кинотеатрларда көрсетіледі» делінген хабарламада.
Сонымен қатар американдық прокаттан кейін (90 күн өткен соң) бұл фильмді Netflix компаниясының стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD (сұрату бойынша фильмді көру) сандық таралымы арқылы тамашалауға болады.
«Анаға апарар жол» фильмінің түсірілімі 2015 жылдың наурыз айында басталды. «Анаға апарар жол» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Картинаның сюжеті Қазақстанның тарихи бірқатар күрделі кезеңдерін қамтыған: ұжымдастыру дәуірі, халықтың басынан өткен ұлы трагедия - жұт, Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар. Фильмде сол қиын кезеңдерді басынан кешкен бір адамның өмірі баяндалады, ол сұрапыл соғысты, тұтқындалғандарға арналған лагерьді көреді. Бірақ ол осының барлығына қарамастан, үйге оралуға талпынады, себебі сол жылдар бойы оны анасы күткен болатын.
Айта кетейік, фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды.
Фильмнің режиссері Ақан Сатаев, сценарий авторы Тимур Жақсылықов, қоюшы операторы Хасан Қыдырәлиев, қоюшы суретшілер Назира Байбекова, Лариса Решетова. Сондай-ақ, рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды ойнайды.
21 мамыр 2019 ж. 572 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области